2024.06.04. № 71-VIII ҚР Заңымен 12-бап өзгертілді (2024 ж. 8 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
12-бап. Цифрлық активтер саласындағы мемлекеттік бақылау
Цифрлық активтер саласындағы мемлекеттік бақылау Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес тексерулер нысанында жүзеге асырылады.
4-тарау. ҚОРЫТЫНДЫ ЖӘНЕ ӨТПЕЛІ ЕРЕЖЕЛЕР
13-бап. Қазақстан Республикасының цифрлық активтер саласындағы заңнамасын бұзғаны үшін жауаптылық
Қазақстан Республикасының цифрлық активтер туралы заңнамасын бұзу Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылыққа алып келеді.
2025.17.11. № 231-VIII ҚР Заңымен 14-бап өзгертілді (2026 ж. 18 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
14-бап. Осы Заңды қолданысқа енгізу тәртібі
Осы Заң 2023 жылғы 1 сәуірден бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті
Қ. ТОҚАЕВ
Астана, Ақорда, 2023 жылғы 6 ақпан
№ 193-VІІ ҚРЗ